$ 540.87  632.01  6.76
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
Бүгін, 10:40
Әлем

Ақ үй Трамп пен Зеленский қашан кездесетінін жария етті

Ресей-Украин қақтығысы күн тәртібінде бар

Ақ үй Трамп пен Зеленский қашан кездесетінін жария етті
Фотоколлаж: Әбілқасым Есентаев/Azattyq Ruhy

АҚШ президенті Дональд Трамп пен Украина президенті Владимир Зеленский арасындағы ресми кездесу бүгін Астана уақытымен 20:15-те басталып, бір сағатқа созылады. Бұл ақпаратты Ақ үй жариялаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Сағат 22:00-де АҚШ президентінің еуропалық мемлекеттер көшбасшыларымен көпжақты кездесуі жоспарланған.

Оған Франция президенті Эммануэль Макрон, Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармер, Германия канцлері Фридрих Мерц, Италия премьер-министрі Джорджа Мелони қатысады. Сондай-ақ Еурокомиссия төрайымы Урсула фон дер Ляйен де жиынға қатысуға ниет білдірді.

Трамп пен Зеленскийдің жеке кездесуі ең алдымен ресей-украин қақтығысын реттеу мәселесіне арналады. Тараптар қазіргі ахуалды талқылап, ықтимал шешім жолдарын қарастыруды мақсат етеді.

 

Серіктес жаңалықтары