$ 538.03  629.23  6.74
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
Бүгін, 11:12
Әлем

АҚШ бірнеше елдің шенеуніктеріне виза шектеулерін енгізді

Үш елдің қызметкерлері санкцияға іліккен

АҚШ бірнеше елдің шенеуніктеріне виза шектеулерін енгізді
Фото: istockphoto.com

АҚШ билігі Куба үкіметінің шетелге, оның ішінде медициналық қызметкерлерді, мәжбүрлі түрде жіберу схемасына қатысы бар деп саналған Африка, Куба және Гренада шенеуніктеріне, сондай-ақ олардың отбасыларына виза шектеулерін енгізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұл туралы АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубионың мәлімдемесінде айтылған.

Мәлімдемеде көрсетілгендей, Куба билігі медициналық қызметкерлерді өзге мемлекеттерге жоғары ақыға «жалдап», түскен қаржының көп бөлігін өздерінде қалдырады.

АҚШ тарапының пікірінше, бұл схема «коррупцияланған кубалық режимді» байытып, Куба халқын қажетті медициналық көмектен айырады.

Вашингтон мұндай мәжбүрлі еңбек тәжірибесін тоқтату үшін өзге елдердің үкіметтерімен ынтымақтасуды жалғастыратынын және қажетті шараларды қабылдайтынын мәлімдеді.

Серіктес жаңалықтары