$ 536.58  622.75  6.71
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Израильдің отставкадағы лауазымды тұлғалары премьер-министр Биньямин Нетаньяхуға қарсы шықты

Газада соғыс басталғалы 175 адам аштықтан көз жұмды 

Израильдің отставкадағы лауазымды тұлғалары премьер-министр Биньямин Нетаньяхуға қарсы шықты
Фото: EPA

Израильдің 600-ге жуық күштік құрылымдарының жоғары лауазымды отставкадағы қызметкерлері, оның ішінде арнайы қызметтің бұрынғы басшылары Дональд Трампқа ашық хат жазды. Олар АҚШ президентінен премьер-министр Биньямин Нетаньяхуға қысым жасап, Газадағы соғысты тоқтатуды сұрады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ВВС-ге сілтеме жасап.

Хатта өздерінің кәсіби пікірін білдірген офицерлер «ХАМАС Израиль үшін стратегиялық қауіп төндірмейді» деп жазған. Сонымен бірге, олар соғысты тоқтатып, тұтқындарды қайтаруға шақырған.

Ашық хатты қол қойғандардың арасында бұрынғы премьер-министр Эхуд Барак, Моссадтың экс-басшысы Тамир Пардо, Шин-бет басшысы Ами Аялон, экс-қорғаныс министрі Моше Яалон бар.

Олар Трампты «Ливанда соғысты тоқтатқаны секілді, Газада да бейбітшілік орнатуға шақырды».

Израильдің мәліметінше, қазіргі уақытта Газада ХАМАС-тың қолында 49 тұтқын бар, оның кемінде 27-сі қаза тапқан деп саналады. Қызыл Крест және басқа гуманитарлық ұйымдар тұтқындарға көмек көрсетуге мүмкіндік ала алмай отыр.

БҰҰ агенттіктері Газада ашаршылықтың ең ауыр кезеңі басталғанын хабарлаған. Соңғы мәліметтер бойынша, соғыс басталғалы 175 адам аштықтан қайтыс болды, оның ішінде 93 бала бар.

Серіктес жаңалықтары