17.07.2025, 00:30
Әлем
Теміртауда екі жасар қыз терезеден құлап кетті
Жыл басынан бері облыста осындай 20 оқиға тіркелген
Фото: istockphoto.com
Теміртауда оқыс оқиға болды. Кішкентай қыз екінші қабаттағы пәтердің терезесінен құлап кетті. Ол қазір ауруханада жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ekaraganda.kz сайтына сілтеме жасап.
Қалалық төтенше жағдайлар басқармасының мәліметінше зардап шеккен қыз 2023 жылы туған. Сәби дереу ауруханаға жатқызылды, әртүрлі дене жарақатын алған.
Биылғы жылдың басынан бері Қарағанды облысында балалардың көпқабатты үйдің терезесінен құлауына қатысты 20 оқиға тіркелген.
Жазатайым оқиғалардың алдын алу үшін ата-аналарға ескерту жасалды:
- балаларды қараусыз қалдырмаңыз!
- балалар отыратын бөлмелердің терезелерін арнайы қорғаныс құралдарымен жабдықтаңыз!
- терезе тұтқаларын бала өз бетімен аша алмайтындай етіп құлыптаңыз!
- москит торларын ешқашан қорғаныс ретінде пайдаланбаңыз – балалар оларға сүйеніп, бірге құлап кетеді!
- бала терезеге шыға алмау үшін жиһаздың барлық түрін терезеден алыс қойыңыз.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді
12.11.2026, 08:19
«Құлағының бір бөлігін кесіп тастаған»: ШҚО тұрғыны бұрынғы күйеуіне шыққан сот үкіміне наразы