$ 538.57  629.48  6.71
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
13.07.2025, 02:05
Әлем

Үндістанда нәресте жерлеу рәсімі кезінде тіріліп кетті

Ұл бала ауруханада бір түн жатқаннан кейін оны туыстарына берген

Үндістанда нәресте жерлеу рәсімі кезінде тіріліп кетті
Фото: istockphoto.com

Махараштра штатындағы медициналық колледждің ауруханасында дәрігерлер шала туған нәрестені шетінеді деген шешімге келген, бірақ жерлеу алдында нәресте қимылдай бастаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

The Times of India басылымының мәліметінше 31 жастағы әйел жүктіліктің 27 аптасында шұғыл түрде кесарь тілігімен босанған. Баланың салмағы 900 грамм болды.

"Акушерлік және гинекология бөлімшесінің меңгерушісі Ганеша Тондаге баланың туғаннан кейін жыламағанын, қимылсыз жатқанын айтты. Дәрігерлер реанимациялық іс-шаралар жүргізген, алайда нәрестеде тіршілік белгілері байқалмапты. Бір сағаттан кейін анасының көз алдында ол шетінеп кетті деген қорытынды шығарылған", - деп жазды басылым.

Ұл бала ауруханада бір түн жатқаннан кейін оны туыстарына берген, олар оны жерлеуге дайындалуға кіріскен. Осы кезде нәресте кенеттен қимылдап, жылай бастаған көрінеді.

Еске сала кетейік, АҚШ-та қайтыс болған бойжеткен жерлеу бюросында тіріліп кеткен болатын. Өз үйінде қайтыс болған 20 жастағы қызды туыстары жерлеу бюросына тапсырған. Ақ халаттылар бойжеткенді өлдіге санаған соң, сол күні кешке туыстары Таймиша Бошампты жер қойнына тапсырмақ болған. Алайда жерлеу бюросының қызметкерлері оның демалып жатқанын байқайды. Тіріліп кеткен қыздан қорыққан қызметкерлер бойжеткеннің туыстарына хабар берген.

Серіктес жаңалықтары