$ 543.24  619.89  6.78
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
25.08.2020, 13:31
Оқиғалар

Қайтыс болған бойжеткен жерлеу бюросында тіріліп кетті

Оқиға Американың Детройт қаласында болған

Қайтыс болған бойжеткен жерлеу бюросында тіріліп кетті
Фото: ашық дереккөзден

Жексенбі күні өз үйінде қайтыс болған 20 жастағы қызды туыстары жерлеу бюросына тапсырған. Ақ халаттылар бойжеткенді өлдіге санаған соң, сол күні кешке туыстары Таймиша Бошампты жер қойнына тапсырмақ болған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі РЕН ТВ-ге сілтеме жасап.

Аяқ астынан есінен танған қызды дәрігерлер жарты сағат бойы құтқаруға тырысқанымен, одан нәтиже шықпаған. Оны өлдіге санап, сот медицина сарапшылары қыздың құжаттарын рәсімдеп, зорлық белгілерінің болмағанын анықтайды. «Марқұмның»  денесін алған туыстары оны асығыс жерлеуге кіріседі. Алайда, жерлеу бюросының қызметкерлері оның демалып жатқанын байқайды. Тіріліп ктекен қыздан қорыққан қызметкерлер бойжеткеннің туыстарына хабар берген.

«Егер ол көзін ашпағанда бальзамдалып кетер еді. Нағыз қайғылы жағдай сол кезде болар еді. Жерлеу бюросының адамдары сөмкені байқаусызда ашып қалғанда, Таймиштің көзін ашқанын көрген», - деді тілшілерге сұхбат берген қыздың отбасының адвокаты.

Дәрігерлердің салғырттығынан тірідей жерге көміле жаздаған қыз қазір ауруханада механикалық вентиляцияда жатыр.

Серіктес жаңалықтары