$ 540.18  628.93  6.68
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
11.07.2025, 13:38
Әлем

Ақ үй  Дональд Трамптың «Супермен» бейнесіндегі суретін жариялады

Ақ үй әлеуметтік желіде президентті суперқаһарман ретінде көрсетті

Ақ үй  Дональд Трамптың «Супермен» бейнесіндегі суретін жариялады
Фото: Х/WhiteHouse/

АҚШ әкімшілігі президент Дональд Трампты «Супермен» бейнесінде бейнелеген суретті ресми түрде жариялады. Сурет X әлеуметтік желісіндегі Ақ үйдің парақшасында пайда болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Стилистикасы киноафишаға ұқсас бұл суретте президент Трамп алысты көздеп, суперқаһарманның костюмін киіп, аспанға көтеріліп бара жатқан күйде бейнеленген. Жазбаның астында «Шындық, әділет және америкалық жол» деген жазу берілген.

Бұған дейін Трамп өзінің Truth Social әлеуметтік желісінде Рим папасы бейнесіндегі суретті жариялаған болатын.

Жасанды интеллект көмегімен жасалған бұл кадрда Трамп ақ киім киген, басында тиара, ал саусағында Папаға тән «Балықшының жүзігі» болған. Кейін президент бұл суретке ешқандай қатысы жоқ екенін айтып, ресми түрде терістеген еді.

Серіктес жаңалықтары