АҚШ балалардың жынысын ауыстыруға көмектескен дәрігерлерді тергеуді бастады
Кәмелетке толмай тұрып ота жасатқандар дәрігерлерге қарсылығын білдірген

АҚШ-тың Әділет министрлігі балаларға трансгендерлік медициналық процедуралар жасаумен айналысатын 20-дан астам дәрігер мен клиниканы тергеуге шақырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
NBS news-тің дерегінше, медициналық мекемелердің атауы мен мекен-жайы ашық айтылмаған. Сондай-ақ, «трансгендерлік процедуралар» деген тіркестің нені білдіретіні нақтыланбаған. Алайда тергеу аясында денсаулық сақтау саласындағы алаяқтық, жалған мәлімдемелер және басқа да құқықбұзушылықтар қарастырылып жатқаны белгілі болды.
«Теріс идеологияның артынан еріп, балаларға зақым келтірген медицина қызметкерлері мен ұйымдар жауап береді», - деді Бас прокурор Пэм Бонди.
Сол күні Федералдық сауда комиссиясының (FTC) отырысында оннан астам адам сөз сөйлеп, трансгендерлік медициналық қызметке қарсы пікір білдірген. Олардың арасында кәмелетке толмай тұрып жыныс ауыстыру операциясын бастап өткеріп, кейін өкінген азаматтар, қолданыстағы стандарттармен келіспейтін дәрігерлер мен психологтар, құқық қорғаушылар мен саясаттанушылар болды. Жыныс ауыстыру отасының құрбаны болған Клэр Абернати есімді қыз 15 жасынан бастап операция жасатқан. Ол дәрігерлер гормондардың кері әсері барын өзінен жасырды деп отыр.
Еске салайық, Дональд Трамп президент қызметіне кіріскен сәттен бастап АҚШ саясатының әйел және ер деген екі жынысты ғана мойындайтын айтып, тиісті заңға қол қойған болатын.