10.07.2025, 15:26
Әлем
Әбу-Дабиде Ильхам Әлиев пен Никол Пашинян төрт сағат келіссөз жүргізді (ВИДЕО)
Кездесудің нақты мазмұны белгісіз
Фото: 1news.az
Әбу-Дабиде Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев пен Армения премьер-министрі Никол Пашинянның келіссөзі 4 сағатқа созылды,деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Кездесу таңертегі 11:00 шамасында басталған. Алдымен екі елдің делегациялары қатысқан кеңейтілген форматтағы келіссөздер өтті. 11:12-де делегациялар залдан шығып, кездесу жеке форматта – тет-а-тет жалғасты.
12:00-де тараптар келіссөз барысында қысқа үзіліс жасап, кейін 12:34-те кеңейтілген құрамда қайта жалғастырған. Осылайша, екі ел басшысының келіссөздері 4 сағатқа жалғасқан.
Келіссөз мазмұны туралы ресми мәлімет берілген жоқ. Дегенмен, бұл кездесу Әзербайжан мен Армения арасындағы бейбітшілік процесін ілгерілетуге бағытталғаны белгілі.
Көп оқылған
14.10.2026, 10:03
Карантин ене ме: Павлодарда оқушы туберкулез жұқтырды деген күдікпен ауруханаға түсті
14.10.2026, 09:53
«Таңғы жетіде бойжеткенге интим ұсынған»: Астанада inDrive такси жүргізушісі сотталып кетті
14.10.2026, 15:49
Қар аралас жаңбыр жауып, үсік жүреді: Қазақстанда алдағы үш күнде ауа райы күрт бұзылады
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды