$ 524.24  612.94  6.68
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Трамп әкімшілігі Израильді сынаған сарапшыға санкция салды

Сарапшы Израильдің Газаға шабуылын «геноцид» деп атаған еді 

Трамп әкімшілігі Израильді сынаған сарапшыға санкция салды
Фото: Reuters

АҚШ БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің тәуелсіз сарапшысы Франческа Альбанезеге санкция салды. Президент әкімшілігіне оның Израильдің Газа секторындағы әскери операциясын ашық сынауы жақпай қалған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ВВС-ге сілтеме жасап.

АҚШ-тың  мемлекеттік хатшысы Марко Рубио Альбанезені Халықаралық қылмыстық сотпен байланысты деп айыптап, оны бұл қызметке лайықсыз деп атады. Енді Альбанезеге АҚШ-қа кіруге тыйым салынды, сондай-ақ елдегі мүлкі бұғатталады.

Рубио Альбанезені «ашық антисемиттік көзқарас ұстанады, терроризмді қолдайды және АҚШ-пен Батысқа жау көзқарас танытады» деп отыр. Айтуынша, сарапшы америкалық компанияларға қысым көрсетіп, халықаралық сотқа оларды тергесін деп шағымдар жолдаған.

Франческа Альбанезе мұндай айыптауларды жоққа шығарып, өзінің мәлімдемелерінде тек әділдік жолында жұмыс істейтінін айтып келеді. Ол бұған дейін Израильдің шабуылын «геноцид» деп атап, ондаған трансұлттық компанияны Израильмен жұмысын тоқтатуға шақырған.

Бұған дейін Трамп әкімшілігі Халықаралық қылмыстық соттың төрт судьясына санкция салған еді. Санкция жарияланған сәтте Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху Вашингтонда ресми сапармен жүрген болатын.

Альбанезе мен оның жақтастары санкцияны «қысым көрсету мен қорқыту әрекеті» деп бағалап отыр. Amnesty International ұйымы шешімді айыптап, халықаралық құқық пен БҰҰ мандатын қорғауға шақырды.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#АҚШ #санкция #сот