$ 540.87  632.01  6.76
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
01.07.2025, 06:05
Әлем

Әлемдегі төртінші бай адам Венецияда «ғасыр тойын» өткізді

Үйлену тойына 200-ге жуық атақты қонақ келді

Әлемдегі төртінші бай адам Венецияда «ғасыр тойын» өткізді
Фото: instagram/laurensanchezbezos

Amazon корпорациясының негізін қалаушы Джефф Безос пен оның қалыңдығы, тележүргізуші Лорен Санчес Венециядағы Сан-Джорджо-Маджоре аралында шаңырақ көтерді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Euronews-ке сілтеме жасап.

Жабық үйлену тойы жұма күні, 27 маусымда өтті. Жұрт оны «ғасыр тойы» деп атап кетті. Үйлену тойына 200-ге жуық атақты қонақ келді.

Санчес өзінің Instagram парақшасында әлемдегі төртінші бай адамның қасында ақ көйлекпен жарқырап тұрған суретін жариялады.

Безос пен Санчес 2016 жылы танысып, ресми түрде жұп ретінде тек 2019 жылы ел алдына шықты.

Венеция Туризм министрлігі Безос пен Санчестің үйлену тойы қаланың жылдық туристік кірісінің 68 пайызын жабуы мүмкін екенін айтты. Кейбір мәліметтерге қарағанда, тойға 40-48 миллион еуро аралығында қаржы жұмсалған.

Венецияның Corila экологиялық зерттеу бірлестігінің мәліметінше Безос Венецияны сақтаумен айналысатын үш экологиялық зерттеу ұйымының әрқайсысына бір миллионнан сыйға тартқан.

Серіктес жаңалықтары