$ 540.87  632.01  6.76
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

TikTok-ты өте бай адамдар сатып алады: Трамп екі аптадан соң олардың есімін айтамын дейді

Ол бұған Қытайдың келісімі керек екенін айтты 

TikTok-ты өте бай адамдар сатып алады: Трамп екі аптадан соң олардың есімін айтамын дейді
Фото: pixabay

АҚШ президенті Дональд Трамп TikTok әлеуметтік желісін «өте бай адамдардың» сатып алатынын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ВВС-дің мәлімдеуінше, платформаны сатып алатындардың аты 2 аптадан кейін белгілі болмақ. Трамп мәміленің Қытай тарапынан мақұлдануын күтетінін айтты, оған ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин рұхсат беретін шығар дейді ол.

Өткен жылдың сәуірінде АҚШ Конгресі қытайлық ByteDance компаниясы «платформаны америкалық компанияға сатсын» деп, заң қабылдаған болатын. Олай болмаған жағдайда, 2025 жылдың 19 қаңтарынан бастап әлеуметтік желіні АҚШ-та бұғаттау көзделген.

TikTok-тың иесі ByteDance компаниясы АҚШ Конгресінің платформаны сатуды талап еткен заңына қарсы шықты. Олар бұл заңның АҚШ Конституциясына сай еместігін айтып, сотқа жүгінді. Ал АҚШ Жоғарғы соты ByteDance-тің апелляциясын қабылдамады. Осылайша заң өз күшінде қалған еді. Қаңтарда платформа АҚШ-та уақытша бұғатталды, бірақ Трамп компанияға тыйым салуды кейінге қалдыратынын айтты.

АҚШ тарапы TikTok әлеуметтік желісі ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндіреді деп есептейді.

Серіктес жаңалықтары