$ 540.78  618.65  6.71
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Оңтүстік Корея өз АЭС-індегі бір реакторын әбден пайдаланып, енді жоюға көшті

Процесс 12 жылға созылады 

Оңтүстік Корея өз АЭС-індегі бір реакторын әбден пайдаланып, енді жоюға көшті
Фото: Freepik

Оңтүстік Корея Кори атом электр станциясындағы бір ядролық реакторды 40 жыл пайдаланып, енді оның көзін жою процесіне кірісті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Билік елдің алғашқы коммерциялық ядролық реакторы – Кори-1 блогын толықтай пайдаланудан шығару және бөлшектеу жұмыстарын мақұлдады. Yonhap агенттігінің жазуынша, бұл ел тарихында алғашқы жағдай екен. 

Оңтүстік Кореяның алғашқы ядролық реакторы 1978 жылы қолданысқа берілген. 2017 жылы ол толықтай өшкен. 2022 жылдың мамыр айында Korea Hydro & Nuclear Power Co. (KHNP) радиоактивті материалдарды тазарту бойынша жұмыстарды бастаған.

Ядролық реакторды толық жою өте ұзақ әрі күрделі процесс. Бұл әдетті 10 жылдан 20 жылға дейін жалғасады.

Комиссияның мәліметінше, Кори-1 реакторын толық бөлшектеу 12 жылға созылмақ. Бұл уақыт ішінде пайдаланылған ядролық отынды шығару, ластанған аймақтарды тазарту және аумақты толық қалпына келтіру жоспарланған.

Оңтүстік Корея қалдықтарды қауіпсіз басқаруға арналған жоспар әзірлеген. Оңтүстік Кореяда қазіргі уақытта 26 ядролық реактордың 20-сы жұмыс істеп тұр.

 

Серіктес жаңалықтары