25.06.2025, 11:45
Әлем
Тынық мұхитына 3 мың автокөлік тиеп алған кеме батып кетті
Кеме бірнеше апта бойы өртенген
Фото: Reuters
Тынық мұхитында үш аптаға жуық уақыт бойы өртенген Morning Midas атты жүк кемесі батып кетті. Бұл туралы Azattyq Rýhy агентті The Wall Street Journal басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Кемеде 3 000 көлік болған, оның ішінде 800-ге жуығы – электромобиль
5 маусым күні Тынық мұхитында Morning Midas жүк кемесінде өрт шыққаны белгілі болды. Кеме бортында шамамен 3 000 автокөлік болған, оның ішінде 800-ге жуығы — электромобиль.
Өрт электромобильдер тұрған палубадан басталды деген болжам бар
Компания өкілінің айтуынша, өрт палубадан шыққан болуы мүмкін, яғни электромобильдер орналасқан аймақтан. Өрттің нақты себебі анықталып жатыр.
22 теңізші құтқарылды
Кеме бортында болған 22 теңізші өртті өз күштерімен сөндіруге тырысқан. Бірақ қауіпке байланысты олар кемені тастап шығуға мәжбүр болды.
Көп оқылған
11.08.2026, 10:40
«Кінәсіз»: Қаскелеңде күйеуін пышақтап өлтірген жүкті әйел сот залында босап шықты
11.08.2026, 11:17
Ақмола облысының тас жолындағы сұмдық апат: екі адам қаза тауып, сегізі ауруханаға түсті
11.08.2026, 09:25
Боқтап, полицияға бағынбаған: БҚО-да жас жігіт бір айға жуық уақытын қамауда өткізетін болды (ВИДЕО)
11.08.2026, 16:31
«Жол бермеді» деп жүргізушіні ұрып жыққан: Алматыда жолдағы жанжал қылмыстық іске ұласты (ВИДЕО)
11.08.2026, 14:17
5 млн теңге алимент төлемеген: Астана тұрғыны екінші рет сотталды