Германиядағы қала халықты тегін тұруға шақырды
Германия біріккеннен кейін қала халқы екі еседен астамға қысқарды

Сталинштадт Германия Демократиялық Республикасында толығымен жобаланған және ашық далада салынған алғашқы қала болды. Көптеген турист мұнда социалистік сәулет өнерінің ашық аспан астындағы музейін тамашалауға келеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy DW басылымына сілтеме жасап.
Қала халқы екі есе қысқарды
Қала Айзенхюттенштадт деген қазіргі атауын 1961 жылы алды.
Үлгілі социалистік елді мекеннің қала құрушы кәсіпорны металлургия комбинаты болды, ол бірнеше рет атауын өзгертті. 1960 жылдары онда 16 мыңға жуық адам жұмыс істеді.
Германия біріккеннен кейін қала халқы екі еседен астамға – қазіргі 24 мың адамға дейін қысқарды. Қайта құрылымдау кезінде кейбір кеңестік панельді үйлер жойылып кеткеніне қарамастан, Айзенхюттенштадт қаласында бос пәтерлер жеткілікті. Тұрғын үй нарығындағы ұсыныстың көп болуының бір себебі – жастардың кетуі. Мұнда көптеген турист келеді, бірақ көшіп келетіндер аз.
Билік мәселені шешуге кірісті
Бұл мәселені жартылай болса да шешу үшін жергілікті билік бірнеше еріктіге қалада бір-екі апта толығымен тегін тұруға мүмкіндік беретін арнайы бағдарламаны іске қосуды ұйғарды.
Бұл үшін жаңартылған панельді үйлерден екі пәтерден бөлінді. Бағдарлама күзде басталады. Үміткерлерге С1 деңгейінде неміс тілін білу, ЕО-да жұмыс істеуге рұқсат алу секілді талаптар қойылады.