$ 520.93  609.07  6.68
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
19.05.2025, 23:17
Әлем

Отбасы үшін кек алған: Гаитиде әйел 40 адамды бәлішпен улап өлтірді

Әйел бәлішке жәндік жоятын уды қосқан

Отбасы үшін кек алған: Гаитиде әйел 40 адамды бәлішпен улап өлтірді
Фото: pixabay

Гаитиде қатыгез банданың кесірінен отбасын жоғалтқан әйел ерекше әдіспен кек алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Odditycentral басылымына сілтеме жасап.

Ол топ мүшелеріне у қосылған бәліш берген. 40 адамның барлығы қаза тапты.

Бәлішті тегін берген

Оқиға ел астанасы Порт-о-Пренс қаласы маңындағы Кенскоф ауданында болды. Әйел көп жыл бойы көшеде бәліш сатқан.

«Қайғылы оқиға болған күні ол жергілікті банданың мүшелеріне «ауданды қорғағаны үшін алғыс ретінде» тегін тамақ ұсынған», - деп жазды басылым.

Әйел бәлішке ет қана емес, жәндік жоятын улы затты да қосқан. Оны жеген қарақшылардың асқазаны қатты ауырып, есін жоғалта бастаған. Олардың ешқайсысы медициналық көмек алып үлгермеді.

Үйін өртеп жіберді

Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, құрбандар бұрынғы полиция қызметкері және қазіргі қылмыс әлемінің серкесі, Джимми Шеризьемен байланысы бар Viv Ansanm бандасының мүшелері болған. Оқиғадан кейін көп ұзамай әйелдің үйін өртеп жіберген. Оның өзі қашып құтылып, кейін полицияға берілген.  

Әйелдің қылмыстық жазаға тартылатыны туралы ресми мәлімет жоқ.

 

Серіктес жаңалықтары