Австриялық әнші "Евровидение-2025" байқауының жеңімпазы атанды
18 мамырға қараған түні "Евровидение-2025" байқауының жеңімпазы анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Швейцарияның Базель қаласында өткен ән байқауында күтпеген жағдай болды. Австрия өкілі JJ басты фаворит саналған швециялық KAJ триосынан басым түсіп, жеңімпаз атанды.
JJ байқауда "Wasted Love" әнін шырқады. Шоу 18 мамырға қараған түні аяқталды.
JJ деген лақап атпен танылған Йоханнес Пич Венада дүниеге келген, Дубайда өскен, қазір Вена музыка және орындаушылық өнер университетінде оқиды.
JJ Евровидение-2025 байқауында жеңіске жеткенге дейін британиялық «Дауыс» және Starmania таланттар шоуына қатысып, алғаш рет атақ-даңққа ие болды.
Ол Кончита Вурстың жеңісінен бері ән байқауындағы Австрияның ең үздік өкілдерінің біріне айналды.
Оқи отырыңыз: