$ 540  630.72  6.72
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
21.04.2025, 06:40
Әлем

Қытайда 25-қабаттан құлап кеткен қыз аман қалды

Баланы жетінші қабаттағы көршісі тауып алған

Қытайда 25-қабаттан құлап кеткен қыз аман қалды
Иллюстративті фото: pixabay.com

Қытайдың Таншань қаласында тұратын қыз үйінің 25-ші қабатынан құлап аман қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ата-анасының журналистерге айтуынша, қыздың сүйегі бірнеше жерден сынған, бірақ ол қазірдің өзінде сауығып келе жатыр.

«Қызымның аман қалуы оны қандай да бір құдіретті күштің қорғап тұрғанын білдіреді! - деп South China Morning Post газеті қыздың анасының сөзінен үзінді келтірді.

Оқиға 27 наурызда болған, бірақ отбасы бұл туралы баланың аман қалғаны белгілі болған соң ғана айтқан.

Хэбэй провинциясының Таншань қаласында тұратын 9 жасар оқушы терезені ашамын деп құлап кеткен. Ол жетінші қабаттың карнизіне түскен.

"Қызым өз бөлмесінде үй тапсырмасын орындап жатқан еді. Әкесі оны кешкі асқа шақыруға барғанда, оны таппай қалыпты. Терезеден үш рет қараса да, тәпішкеден басқа ештеңе көрмеген", - дейді қыздың анасы.

Баланы жетінші қабаттағы көршісі тауып алған. Ол орнынан тұрып, бірнеше қадам жасаған, бірақ қатты ауырсынудан қайтадан құлаған.

"Біз оны тапқан кезде мектеп формасында болды. Үсті-басы қан-қан болғанымен, есін біліп жатты", - дейді көршісі.

Серіктес жаңалықтары