$ 502.47  525.83  5.68
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Кинода емес, өмірде: танымал түрік әртісі түсірілім алаңында жүрегі ұстап, есінен танып қалған

Өзжан Дениз ауруханаға жатып шықты

Кинода емес, өмірде: танымал түрік әртісі түсірілім алаңында жүрегі ұстап, есінен танып қалған
Фото: @ozcandeniz

Қазақ көрерменіне «Маусым түні» телехикаясындағы рөлімен танымал түрік актеры Өзжан Дениздің түсірілім алаңында жүрегі ұстап, есінен танып қалған. Оған әртістің анасы мен жас келіншегінің арасындағы дау себеп болған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy oxu.az-ға сілтеме жасап.

«Түсірілім кезінде жүрегім ұстап қалды. Құрметті дәрігерім Бингюр Сёнмез бен сүйікті әйелімнің қамқорлығының арқасында тәуір болдым. Менің жағдайым жақсы», - деп жазды актер.

Өзжан Дениз «Қызыл раушандар» телехикаясын түсіріп жатқан кезде есінен танып, құлап, дереу ауруханаға жеткізілген. Оған алғашқы көмек көрсеткен соң дәрігерлер инфакт деген диагноз қойған. Актер екі аптадан соң жүрегіне операция жасатады. Қазір өз үйіне шығарылған.

Тараған ақпараттарға сәйкес, қазір актердің өзінен 22 жас кіші келіншегі мен анасы соттасып жатыр. Өзжан Дениз қазір әйеліне құрметсіздік танытты деп отбасымен араласпай кеткен.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#түрік #әртістер