Америка азаматтығын алып беріп жүрген әйел 3 жылға сотталып кетті
Оған аяғы ауыр әйелдер жүгінген
Калифорниялық әйел аяғы ауыр қытай келіншектерді АҚШ-та босандыруға көмек көрсеткені үшін 3 жылға сотталып кетті. Ол баласына Американың азаматтығын автоматты түрде алып бергісі келген әйелдерге жағдай жасап беріп, бизнес жасаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy AP-ке сілтеме жасай отырып.
АҚШ округінің судьясы Р. Гари Клауснер Фиби Донгты 41 айға бас бостандығынан айырды және оны дереу қамауға алуға үкім шығарды. Донг пен оның жұбайы өткен қыркүйекте «Happy Baby» компаниясы арқылы ақша жылыстатқаны үшін сотталған.
Бұл үкім балаға туа сала АҚШ азаматтығын беру ережесінің қайта талқыға шығарылып жатқан кезімен тұспа-тұс келді. Дональд Трамп билікке келе сала, туғаннан АҚШ азаматтығын беруге қарсы жарлыққа қол қойған еді. Бірақ федералды сот бұл бұйрықты «конституциялық құқыққа қарсы» деп дерек қайтарып тастаған.