13.01.2025, 09:50
Әлем
Америкадағы алапат өрттен қаза тапқандар саны 24-ке жетті
Бұған дейін 16 адамның мәйіті табылған
Фото: BBC
Лос-Анджелестің шенеуніктері орман өртінен көз жұмғандардың саны артты дейді. 16 адамның денесі Итондағы өрт орнынан табылса, 8-і Палисейд аумағынан табылған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. ВВС-ге сілтеме жасап.
Лос-Анджелестің айналасында 3 өрт ошағы әлі де өшкен жоқ. Палисейдтегі өрт 11 пайызға, Итондағы өрт 27 пайызға оқшауланды, Херсттегі өрт толықтай сөнді.
Жексенбіде Accuweather компаниясының мамандары өрттен болған болжамды шығынның артқанын хабарлап, оның 250-275 млрд долларға жеткенін айтты.
Көп оқылған
04.10.2026, 06:19
Домбыра сабағы кезінде баланы ұрған: полиция қылмыстық іс қозғады
04.10.2026, 22:34
Ақтөбеде алғашқы қар жауды (ВИДЕО)
04.10.2026, 07:27
Қар аралас жаңбыр, тұман, жел: 4 қазанға арналған ауа райы болжамы