08.11.2024, 13:32
Әлем
Амстердамда футбол жанкүйерлері арасында болған қақтығыстан 10 адам зардап шекті
Полиция қазір төбелеске қатысқан 57 адамды ұстады
Фото: istockphoto.com
Амстердамда израилдіктерге шабуыл жасалып, салдарынан 10 адам жарақат алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy агенттігі BILD-ке сілтеме жасап.
Израиль мен Голландия арасындағы матчтан кейін бір топ адам Тель-Авивтен келген жанкүйерлерді аңдып, артынан еріп жүрген. Содан кейін қақтығыс басталған. Салдарынан 10 адам ауруханаға түсіп, 3 адам ұшты-күйлі жоғалып кеткен. Полиция қазір төбелеске қатысқан 57 адамды ұстады.
Бостандық партиясының жетекшісі Герт Вилдерс Амстердам көшесінде болған қақтығысты «бүлік» деп атаған.
«Біз Еуропадағы кіші Газаға айналдық. Палестина туын ұстағандар израильдіктердің ізіне түскен. Мен мұндайды ешқашан қабылдай алмаймын», - деп жазды ол.
Көп оқылған
04.11.2026, 17:54
Қуандық пен Сағындық: Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Қозыке әулетінің құпиясын жайып салды (ВИДЕО)
04.11.2026, 16:09
Павлодарда мектеп басшылығы екі оқушы қыздың зорланғаны туралы полицияға хабарлаған
04.11.2026, 09:00
Түркия, Оңтүстік Корея, Ресей: биыл әлемнің қай елдерінде қазақстандықтар көз жұмды
04.11.2026, 15:24
«Полиция формасын хэллоуинге теңеген»: әйел адам әзілдемеймін деп басы дауға қалды (ВИДЕО)
04.11.2026, 16:32
Қайғылы жағдай: Текеліде 11 жастағы қыз баланы экскаватор басып кетті
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды