Иран порттар блокадасы тоқтаса, Ормуз бұғазын 7 күнде ашуға дайын – БАҚ
Тегеран Вашингтоннан нақты қадам күтетінін мәлімдеді
Иран порттарының блокадасы тоқтатылып, АҚШ әскери қысымды бәсеңдетсе, Теһран Ормуз бұғазын жеті күн ішінде ашуға дайын. Бұл туралы Иранның жоғары лауазымды шенеунігі мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Теһран БҰҰ Бас Ассамблеясы аясында Вашингтонмен арадағы шиеленісті бәсеңдетудің ықтимал жолын ұсынды.
Иран тарапының мәлімдеуінше, АҚШ әскери қысымды азайтып, Иран порттарына қатысты блокаданы алып тастаған жағдайда, Ормуз бұғазы жеті күн ішінде қайта ашылуы мүмкін. Бұл ұсыныс АҚШ-қа араағайындар арқылы 16 қыркүйекте жеткізілген.
Иранның БҰҰ Бас Ассамблеясына қатысып жатқан делегациясына АҚШ-пен дипломатиялық келіссөздерді қайта бастау бойынша толық өкілеттік берілген. Тараптар арасындағы келісімнің егжей-тегжейін Нью-Йоркте араағайын елдердің қатысуымен талқылау жоспарланып отыр.
Иран президенті Масуд Пезешкиан БҰҰ Бас Ассамблеясына қатысу үшін Нью-Йоркке аттанғанымен, АҚШ президенті Дональд Трамппен кездесуді жоспарлап отырған жоқ.
Иран өкілі БҰҰ Бас Ассамблеясы Вашингтон үшін дипломатиялық жолға қайта оралуға мүмкіндік беретін алаң екенін атап өтті.