20.09.2026, 00:28
Әлем
Қытайда магнитудасы 4,4 болатын жер сілкінісі болды
Жер сілкінісінің эпицентрі 24 шақырым тереңдікте орналасқан
Фото: istockphoto.com
Сейсмологтар бүгін Қытай аумағында жер асты дүмпулерін тіркеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Қазақстанның Ұлттық деректер орталығына сілтеме жасап.
Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығы Геофизикалық зерттеулер институтының Қазақстандық деректер орталығының жедел мәліметіне сәйкес, жер сілкінісі 2026 жылғы 19 қыркүйекте Астана уақытымен сағат 20:54-те (Гринвич уақытымен 15:54) Қытай аумағында тіркелді.
Жер сілкінісінің эпицентрі 41,18 градус солтүстік ендікте, 82,95 градус шығыс бойлықта орналасқан.
Жер сілкінісінің магнитудасы – 4,4. Энергетикалық класы – 10,8. Жер сілкінісі 24 шақырым тереңдікте болған.
Көп оқылған
10.11.2026, 10:46
«Мен кәсіби боксшы емеспін»: әйелді ұрған жасөспірім Түркістандағы төбелестің неден басталғанын айтып берді
10.11.2026, 11:07
4,5 мың жетімді бауырына басқан: 70-тен асқан Әмина апа минивэнімен балаларға азық-түлік тасып жүр
10.11.2026, 12:58
Қаракемердегі үш оқушының қазасы: прокуратура «Система» деген бейресми топтың жігіттерін ұстап алды (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды