Анкарада Трампты қастандықтан қалай жасырын қорғағаны белгілі болды
АҚШ президенті Анкарадан басқа ұшақпен жасырын ұшып кеткен
Америкалық БАҚ-тың хабарлауынша, шілде айында АҚШ президенті НАТО саммиті өткен Анкарадан Иран тарапынан қастандық жасалуы мүмкін деген қауіпке байланысты жасырын ұшақпен кетуге мәжбүр болған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ақпаратты Washington Post газеті таратса, кейін бұл ақпаратты New York Times та растаған. Трамп телекамералардың алдында президенттің негізгі ұшағына мінгенімен, бірнеше минуттан кейін бортқа тамақ жеткізетін көлікке жасырынып, басқа, шағындау ұшаққа жасырын түрде ауысқан.
«Анкарада Трамп телекамералардың алдында ескі екі қабатты Air Force One ұшағына мінді. Алайда бірнеше минуттан кейін оны ұшар алдында бортқа тамақ тиеуге пайдаланылатын әуежай көлігінің көмегімен шағындау ұшаққа жасырын түрде жеткізген», – делінген хабарламада.
Негізгі ұшақта отырған журналистер мен Ақ үй қызметкерлері президент өздерімен бірге ұшып бара жатыр деп ойлаған. Олардан ұшақ терезелерінің перделерін түсіруді сұраған.
Ал Трамп бұл уақытта Пентагон басшысы Пит Хегсетпен бірге шағындау C-32A ұшағымен ұшқан. Ол негізгі ұшаққа Ұлыбританияға жеткеннен кейін ғана қайта отырған.