05.07.2026, 22:23
Әлем
АҚШ-та отшашу кезінде атыс болып, сегіз адам жарақат алды
Зардап шеккендердің арасында 6 мен 14 жас аралығындағы төрт бала бар
Фото: © istockphoto.com
АҚШ-тың Бруклин ауданында Тәуелсіздік күнін мерекелеу кезінде атыс болып, сегіз адам жарақат алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy New York Post басылымына сілтеме жасап.
Полицияның мәліметінше, оқиға 4 шілдеде Кони-Айлендте, мерекелік отшашу өтіп жатқан жағалау маңында болған.
Зардап шеккендердің арасында 6 мен 14 жас аралығындағы төрт бала, сондай-ақ 21 мен 37 жас аралығындағы ересектер бар. Оқ олардың аяқтарына, ішіне, кеудесіне және иығына тиген.
Барлық жараланған адам ауруханаға жеткізілді. Жеті адамның жағдайы тұрақты, ал 21 жастағы әйелдің жағдайы ауыр деп бағаланып отыр.
Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.
Көп оқылған
19.11.2026, 13:32
«Жансейіт Түймебаевтың арқасы»: Тоқаев Серіктестер форумында ҚазҰУ ректоры туралы сөз қозғады
19.11.2026, 10:00
Ет - етке, сорпа - бетке: Астанаға мал сойып әкелетін делдалдар базардағы бағаға қалай ықпал етеді
19.11.2026, 12:32
Бас мүфти Астананың тамадаларын жинап алып, тойдағы ұятсыз ойындар туралы сөйлесті
19.11.2026, 17:27
Астанада қызметкерін жыныстық қатынасқа мәжбүрлеген полковник 6 млн теңге айыппұл арқалады
19.11.2026, 09:29
Марқакөлде балалардың көзінше сынып жетекшісін балағаттаған оқушы 30 мың теңге айыппұл төлейтін болды
19.11.2026, 07:37
Елордада тұман түсіп, Шымкентте жаңбыр жауады - синоптиктер болжамы
