Бүгін, 19:02
Әлем

Кішісі – 1,5 жаста, үлкені – 16-да: АҚШ-та төрт ер адам 16 баланы қамауда ұстап, бірнеше жыл бойы зорлап келген

Төрт ересек адам тұтқындалды

Кішісі – 1,5 жаста, үлкені – 16-да: АҚШ-та төрт ер адам 16 баланы қамауда ұстап, бірнеше жыл бойы зорлап келген
Фото: Reuters

Американың Огайо штатында үйінде 16 баланы өмірлеріне қауіп төндіретін сұмдық жағдайда ұстаған төрт ересек адам қамауға алынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Агенттік мәліметінше, 30 маусымда штаттың тергеу бюросы мен жергілікті шериф Хэмден атты шағын ауылдағы үйлердің біріне тінту жүргізген. Нәтижесінде ол жерден 1,5 жастан 16 жасқа дейінгі «мүшкіл халдегі» балалар табылған. Кәмелетке толмаған бірнеше баланың жағдайы ауыр болған, ал екі бала алған жарақаттарына байланысты тікұшақпен шұғыл түрде травматологиялық орталықтарға жеткізілген.

Винтон округінің прокуроры Уильям Арчер ұсталғандарға балаларға дене жарақатын салды деген айып тағылғанын хабарлады. Қазіргі уақытта осы оқиғаға қатысты тергеу амалдары жүріп жатыр.

Бұған дейін Аляска штатындағы қаланың бұрынғы мэрлерінің бірі әрі «жыл ата-анасы» атағын алған адам балаларға зорлық-зомбылық көрсетті деп айыпталғаны хабарланған болатын. 48 жастағы Улрик Улроанға 47 қылмыстық айып тағылды, оның ішінде бірінші дәрежелі зорлау, кәмелетке толмағандарға сексуалдық зорлық-зомбылық көрсету, әдепсіз әрекеттер жасау және 21 жасқа толмағандарға ішімдік беру баптары бар.

Бұдан бұрын АҚШ-та ата-аналардың балаларын бункерде мойынжіппен (ошейник) ұстап, ақша үшін педофилдермен бірге жатуға мәжбүрлегені белгілі болған еді.