Трамптың мәлімдемесінен кейін Иран делегациясы келіссөздерді тоқтатты
Швейцариядағы келіссөздер барысында Иран өкілдері АҚШ президентінің сөздеріне наразылық білдіріп, кездесуді тастап кеткен. Тегеран Вашингтонның қоқан-лоққысына жауап беруге дайын екенін мәлімдеді
Швейцарияда өткен келіссөздер кезінде Иран делегациясы АҚШ президенті Дональд Трамптың мәлімдемелерінен кейін келіссөз алаңын тастап кеткені белгілі болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Tasnim News агенттігіне сілтеме жасап.
Осыған байланысты келіссөздер уақытша тоқтатылған.
Бұған дейін ирандық делегация өкілдері хаттамаға сай бірлескен қол алысудан және ортақ фотосессияға қатысудан бас тартқан.
Сондай-ақ делегация басшысы, Иран парламентінің спикері Мохаммад Багер Галибаф X әлеуметтік желісіндегі парақшасында АҚШ-ты мәлімдемелеріне мұқият болуға шақырды.
Галибафтың айтуынша, Иран өзіне бағытталған кез келген қоқан-лоққыға жауап беруге дайын.