Ормуз бұғазы маңында мұнай танкерінен өрт шықты
Оман жағалауындағы оқиғадан кейін экипаж мүшелері қауіпсіз жерге көшірілді
Оман жағалауында мұнай танкерінен өрт шығып, экипаж эвакуацияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Tehran Times басылымына сілтеме жасап.
Оқиға әлемдік мұнай саудасындағы ең маңызды бағыттардың бірі саналатын Ормуз бұғазы маңында болған.
Ұлыбританияның Теңіз сауда операциялары басқармасының (UKMTO) мәліметінше, оқиға туралы хабар Оманның Сохар қаласынан солтүстік-шығысқа қарай шамамен 20 теңіз милі қашықтықтағы ауданнан түскен.
Алдын ала мәлімет бойынша, өрт кеменің машина бөлімінде шыққан. Өрт басталғаннан кейін экипаж мүшелерін эвакуациялау туралы шешім қабылданған.
Қазіргі уақытта зардап шеккендер мен келтірілген шығын көлемі туралы ақпарат түскен жоқ. Оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатыр.