Қазақ тілі ChatGPT-де ең танымал тілге айналды
Бұл туралы компания өкілі мәлімдеген
Жасанды интеллект саласындағы жетекші OpenAI компаниясының қаржы директоры Сара Фрайер ChatGPT платформасында ең жылдам дамып келе жатқан тіл - қазақ тілі екенін айтты, хабарлайды Azattyq Rýhy.
«ChatGPT платформасын бір аптада 900 миллионнан аса адам пайдаланады. Қызық дерек айтайын, біздің зерттеу тобымыз ең жылдам өсеіп келе жатқан тілдерді анықтады. Олар: әзербайжан және қазақ тілі. Бұл таңғаларлық жағдай», - деді ол.
Статистика көрсеткендей, әлем тұрғындарының басым бөлігі жасанды интеллект технологиясымен алғаш рет ChatGPT платформасының көмегімен танысып жатыр.
Сондай-ақ Африка құрлығы қазіргі уақытта ChatGPT қолданысының өсу қарқыны бойынша әлемдегі ең белсенді аймақтардың бірі болып отыр. Компанияның Codex платформасы биыл қаңтар айында нөлге жуық көрсеткіштен бес миллион қолданушыға дейін жеткен.