Бүгін, 01:27
Әлем

Рубио Ресей мен Украина соғысының қалай аяқталуы мүмкін екенін айтты

: Марко Рубио үшжақты келіссөздердің тоқтап тұрғанын айтып, соғыстың әскери жолмен шешілмейтінін мәлімдеді

Рубио Ресей мен Украина соғысының қалай аяқталуы мүмкін екенін айтты
Фото: Reuters

АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио Ресей, АҚШ және Украина арасындағы үшжақты келіссөздер әзірге тоқтап тұрғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy The Guardian газетіне сілтеме жасап.

Ол бұл туралы Стокгольмде өткен НАТО елдері сыртқы істер министрлерінің кездесуінде айтты.

Қазіргі уақытта тараптар арасында ешқандай келіссөз жүріп жатқан жоқ. Алайда Вашингтон алдағы уақытта жағдай өзгеруі мүмкін деп үміттенеді.

Рубио бұған дейінгі келіссөз кезеңдері айтарлықтай нәтиже бермегенін атап өтті. Соған қарамастан АҚШ арағайындық жұмыстарын жалғастыруға дайын екенін жеткізді.

«Америка Құрама Штаттары шексіз әрі нәтижесіз келіссөздерге қатысуды көздемейді», – деді ол.

Сондай-ақ Рубио Ресей мен Украина арасындағы қақтығыстың әскери жолмен шешілмейтінін айтты.

«Бұл соғыс тек келіссөз арқылы ғана аяқталуы мүмкін. Екі тараптың бірінің әскери жеңісімен бітпейді. Кем дегенде дәстүрлі әскери жеңіс түсінігі тұрғысынан алғанда», – деп атап өтті Рубио.

Бұған дейін 2026 жылы Ресей, АҚШ және Украина арасында үш кезеңнен тұратын кездесулер өткен болатын. Алғашқысы 23–24 қаңтарда Абу-Дабиде өтті. Екінші кездесу 4–5 ақпанда сол жерде ұйымдастырылып, тараптар тұтқын алмасу жөнінде келісімге келген. Үшінші кезең 17–18 ақпанда Женевада өтті.