Бүгін, 06:16
Әлем

Зеленский Путинмен Мәскеуден тыс жерде келіссөз жүргізуге дайын

Кездесу өтетін ықтимал орын ретінде АҚШ, Таяу Шығыс елдері мен Еуропа мемлекеттері аталған

Зеленский Путинмен Мәскеуден тыс жерде келіссөз жүргізуге дайын
Фото: Украина президентінің баспасөз қызметі, globallookpress.com

Украина президенті Владимир Зеленский Ресей басшысы Владимир Путинмен Мәскеуден басқа кез келген жерде кездесуге дайын. Бұл туралы Украина президенті кеңсесінің кеңесшісі Сергей Лещенко телемарафон эфирінде мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy украиналық БАҚ-қа сілтеме жасап.

Оның айтуынша, Украина тарапы келіссөз өткізу үшін түрлі алаңдарды қарастырып жатыр. Алайда Мәскеудегі кездесу форматын қолайсыз деп есептейді.

Бұған дейін Ресей президентінің көмекшісі Юрий Ушаков Ресей басшысының Зеленскиймен дәл Мәскеуде келіссөз өткізуге дайын екенін айтқан болатын.

Ал Зеленский бұған дейін бірнеше рет жеке кездесу идеясын қолдайтынын, бірақ оның бейтарап аумақта өтуі қажет екенін мәлімдеген. Кездесу өтетін ықтимал орын ретінде АҚШ, сондай-ақ Таяу Шығыс пен Еуропа елдері аталған.