08.05.2026, 06:26
Әлем
Қытайда жемқорлық үшін екі бұрынғы қорғаныс министрі өлім жазасына кесілді
Олардың мүлкі тәркіленеді
Фото: pixabay.com
Қытайда бұрынғы қорғаныс министрлері Вэй Фэнхэ мен Ли Шанфу жемқорлық айыбы бойынша үкімді екі жылға шегере отырып өлім жазасына кесілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Синьхуа» агенттігіне сілтеме жасап.
Үкімді Қытайдың арнайы әскери соты шығарған. Екеуі де бұған дейін Қытай қорғаныс министрі қызметін атқарған, Орталық әскери комиссия құрамына кірген және Қытай Мемлекеттік кеңесінің мүшесі болған.
Вэй Фэнхэ пара алды деп танылса, Ли Шанфу пара алу және беру ісі бойынша кінәлі деп танылды. Екеуі де өмір бойына саяси құқықтарынан айырылды. Олардың мүлкі тәркіленеді.
Сот шешімінде екі жылдық мерзім аяқталғаннан кейін жазаны жеңілдетуге немесе шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға жол берілмейтіні көрсетілген.
Көп оқылған
23.09.2026, 09:43
Талдықорғанда 40-тан асқан әйел іш киіммен тікелей эфирге шығып, боғауыз сөздер айтқан (ВИДЕО)
23.09.2026, 11:50
«Байыпсыз блогер мен кереғар коучке еліктейді»: депутат жастарға білім-ғылымды насихаттау мәселесін көтерді
Бүгін, 15:22
Тоғыз сарбаз қаза тапты, тағы жетеуінен хабар-ошар жоқ: Ақтауға Қанат Бозымбаев аттанды
23.09.2026, 15:33
Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады: үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды
23.09.2026, 16:38
Қазақстанда доллар бағамы 445 теңгеге дейін түсіп қалды