$ 502.27  597.15  6.57
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Әлем бойынша алтын бағасы бір жылда 60 пайызға қымбаттаған

3,8 трлн доллар тұратын алтын Үндістандағы отбасыларға тиесілі 

Әлем бойынша алтын бағасы бір жылда 60 пайызға қымбаттаған
Фото: Freepik

Алтын бағасы тарихта алғаш рет унциясына 5000 доллардан (3659 фунт стерлинг) асты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy агенттігі ВВС-ге сілтеме жасап.

Осылайша, сары металдың бағасы 2025 жылдың басынан аяғына дейін 60 пайызға қымбаттаған. 

Әлемдегі қаржылық және геосаяси тұрақсыздық пен инфляция бағалы металға сұранысты арттырып отыр. Инвесторлар осындай белгісіздік кезінде алтын мен басқа да бағалы металдарды «қорғаныс активтері» ретінде сатып алады. Дүниежүзілік алтын кеңесінің дерегінше, өткен жылы орталық банктер өз резервтерін жүздеген тоннаға арттырған. Алтынның салыстырмалы түрде сирек кездесуі де оның құнын арттыратын факторлардың бірі болып отыр.

Сонымен қатар, алтын тек инвестициялық мақсатта ғана емес, мәдени дәстүрлерге байланысты да көп сатып алынады. Ол фестивальдер кезінде,  үйлену тойы сияқты мерекелік шараларда сыйлық ретінде беріледі. Мысалы, Үндістанда жыл сайынғы Дивали фестивалі кезінде алтын сатып алу – байлық шақырады деп есептеледі. Ал Қытайда сары металды сәттілік әкеледі деп сенеді.

Америкалық Morgan Stanley банкінің дерегінше, 3,8 трлн доллар тұратын алтын үндістандық отбасыларға тиесілі екен, бұл елдің жалпы ішкі өнімінің 88,8%-ына тең.