$ 505.53  593.44  6.34
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Төтенше жағдай жарияланды: Венесуэлада не болып жатыр

Ел астанасы Каракаста жарылыстар болды

Төтенше жағдай жарияланды: Венесуэлада не болып жатыр
Фото: BILD

Венесуэла астанасы Каракаста әскери база маңында бірқатар жарылыс тіркеліп, елде жағдай күрт шиеленісті. Оқиға АҚШ пен Венесуэла арасындағы соңғы айларда ушығып тұрған саяси қақтығыс аясында болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Каракаста не болды?

Шетелдік БАҚ дерегінше, Каракастың оңтүстігінде орналасқан әскери база маңында кемінде жеті жарылыс естілген. Куәгерлер төмен биіктікте ұшқан ұшақтарды байқаған.

Жарылыстардан кейін қаладағы кейбір аудандар жарықсыз қалған.

Әлеуметтік желілерде оқиға орнынан түсірілген видеолар кеңінен тарады. Қаза тапқандар немесе жараланғандар туралы ресми ақпарат әзірге жоқ. Венесуэла билігі де жағдайға байланысты әзірше ресми мәлімдеме жасаған жоқ.

АҚШ-пен қақтығыс және 50 млн доллар сыйақы

Оқиға АҚШ пен Венесуэла арасындағы қарым-қатынастың ушығуымен тұспа-тұс келді. Соңғы айларда АҚШ билігі Венесуэла аумағында трансұлттық қылмыс пен есірткі трафигіне қарсы операциялар жүргізілгенін бірнеше рет мәлімдеген.

Сонымен қатар АҚШ-тың бас прокуроры Николас Мадуроны ұстауға көмектесетін ақпарат үшін 50 млн доллар сыйақы жариялағаны хабарланды.

Мадуроның үндеуі және төтенше жағдай

Оқиғадан кейін Венесуэла президенті Николас Мадуро елде төтенше жағдай жариялады. Ол халықты «империалистік агрессияға қарсы жұмылуға» шақырды.

Бұған дейін Мадуро АҚШ-қа ағылшын тілінде үндеу жасап, соғысқа жол бермеуге шақырған болатын.

Колумбия БҰҰ-ны шұғыл жиынға шақырды

Колумбия президенті Густаво Петро БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі мен Америка мемлекеттері ұйымының шұғыл отырысын өткізуді талап етті. Оның айтуынша, Венесуэлаға қарсы әрекеттер халықаралық құқық тұрғысынан бағалануы тиіс.

Сонымен бірге Колумбияның Кукута қаласында жедел әрекет ету бөлімшесі іске қосылып, шекарада арнайы жоспар енгізілген.

Трамп мәлімдемесі

АҚШ армиясының өкілі The New York Times басылымына жарылыстарға америкалық күштердің қатысы бар-жоғын растаудан бас тартты.

Алайда CBS арнасының журналисі Дженнифер Джейкобстың айтуынша, АҚШ президенті Дональд Трамп Венесуэла аумағындағы нысандарға соққы беру туралы бұйрық берген.

Кейінірек Трамп Truth Social әлеуметтік желісінде Николас Мадуро мен оның жұбайының ұсталып, елден шығарылғанын жазды. Ол бұл операцияның АҚШ құқық қорғау органдарының қатысуымен өткенін мәлімдеп, толық ақпарат арнайы баспасөз мәслихатында жарияланатынын хабарлады.

Серіктес жаңалықтары