$ 519.61  610.13  6.54
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Леонардо Ди Каприомен бірге бір фильмде ойнаған актерді белгісіз адамдар өлтіріп кетті

Полиция кісі өлтіру дерегі бойынша іс қозғаған

Леонардо Ди Каприомен бірге бір фильмде ойнаған актерді белгісіз адамдар өлтіріп кетті
Фото: iStockphoto

Актер әрі режиссер Роб Райнер мен оның жұбайы Мишель Лос-Анджелестегі үйінде өлі күйінде табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Роб Райнер 20-дан астам фильм түсірген, оның ішінде танымалдыққа ие болған «Мизери», «Принцесса-невеста», «Когда Гарри встретил Салли» фильмдері бар. 1980 жылдары режиссерлік карьерасын бастаған ол алғашқы жұмысын псевдодокументалды «This Is Spinal Tap!» фильмімен бастаған. Аталған картина культке айналып, «ең үздік фильмдер» мен «ең үздік комедиялар» тізіміне енген. 2025 жылдың қыркүйегінде осы фильмнің жалғасы ретінде «Spinal Tap 2» жарық көрді.

ВВС жазғандай, Райнер бар болғаны 20-дан асатын фильм түсірсе де, көрерменнің сүйіспеншілігіне бөленіп, аңызға айналды.

Оның актер ретінде түскен жұмыстарының қатарында «Неспящие в Сиэтле», «Волк с Уолл-Стрит» және «This Is Spinal Tap!» туындылары бар.

АҚШ-тың бұрынғы президенті Барак Обама, бұрынғы вице-президент Камала Харрис, Калифорния штатының губернаторы Гэвин Ньюсом Роб Райнер мен оның жұбайының қазасына қайғырып, жақындарына көңіл айтты.

Роб пен Мишель Райнер 1989 жылы шаңырақ көтерген. Ерлі-зайыптының үш баласы бар, ал Робтың актриса әрі режиссер Пенни Маршалмен некесінен асырап алған қызы, актриса Трейси Райнер қалған.

Серіктес жаңалықтары