16.03.2025, 11:40
Заң мен тәртіп
Қазақстанда салық төлеуден жалтарудың ірі схемалары анықталды
Талдау нәтижесінде 633 салық төлеуші анықталған
Фото: © istockphoto.com
Қазақстанда салық төлеуден жалтарудың ірі схемалары анықталды. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік кірістер комитеті мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Талдау нәтижесінде 633 салық төлеуші анықталған. Олардың қатарында:
- 172 құрылыс компаниясы,
- 102 сауда ұйымы және басқа да кәсіпорындар бар.
Аталған ұйымдарға салық салынатын табысты төмендету белгілері туралы хабарлама жіберілді.
Салық төлеушілерді анықтау кезінде келесі факторлар ескерілді:
- • Төмен салық жүктемесі;
- • Жеткізушілерде жалдамалы қызметкерлер мен активтердің болмауы;
- • Арнайы салықтық режимдерді қолданатын жеткізушілерден қызметтерді сатып алу (егер есеп айырысу сомасы 150 млн теңгеден асса);
- Өзіне тиесілі қызметкерлерден жұмыс пен қызметтерді сатып алу.
Қазіргі таңда Мемлекеттік кірістер комитеті салық төлеушілердің заң талаптарын сақтауын қадағалауды күшейтіп, заңсыз схемаларды анықтау жұмыстарын жалғастырып жатыр.
Көп оқылған
01.11.2026, 06:38
Вакцинасы жоқ қауіпті вирус: Конгода әлемді алаңдатқан індеттен 5 мыңнан астам адам қайтыс болды
01.11.2026, 07:19
Қазақстанда 1 қарашаға дауылды ескерту жарияланды: үсік, қар және қатты жел күтіледі
01.11.2026, 11:05
Көлігіне бейәдеп сөз жазған Астана тұрғыны 10 тәулікке қамауға алынды
02.11.2026, 13:43
Үш баласы мектепке бара алмай отыр: Алматыда көпбалалы әскери қызметкерді жұмысынан қуып жіберген
01.11.2026, 08:29
Астанада мектептегі жиналыстан кейін мұғалім ауруханаға түсті
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды