ҰҚК 45 жастағы шетел азаматын іздестіріп жатыр

Ер адамның қандай құқық бұзушылыққа күдікті екені әзірге нақтыланбады

ҰҚК 45 жастағы шетел азаматын іздестіріп жатыр
Фото: istockphoto.com

ҚР  Ұлттық қауіпсіздік комитеті 45 жастағы шетел азаматын іздеуге бастамашы болған. Іздеу туралы ақпарат Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдары порталына жарияланған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жарияланған мәліметке сәйкес, іздеудегі азаматтың аты-жөні – Уильямс Коул (Williams Cole). Ол 1981 жылғы 13 наурызда туған. Карточкада ер адамның шетел азаматы екені көрсетілгенімен, қай елдің азаматы екені және ұлты нақтыланбаған.

Іздеу ісі 2026 жылғы 21 қарашада Түркістан облысында тіркелген. Іздеуге ҚР ҰҚК бастамашы болған, ал азаматты тікелей іздестіру жұмыстарын Сарыағаш аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жүргізіп жатыр.

Бағдарда шетел азаматының нақты қандай құқық бұзушылыққа күдікті екені көрсетілмеген.

Оның жүрген жері туралы қандай да бір ақпарат білетін азаматтардан аудандық полиция бөліміне 44-05 телефоны арқылы хабарлау сұралады.