Алматыда ер адам қоршауға есірткі жарнамасын жазып жатқан жерінде ұсталды

Автор: Алмас Ерсін

Telegram арқылы тапсырма алған ер адам қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін

Фото: istockphoto.com

Алматыда полицейлер қалалық қоршауға есірткі жарнамасын жазып жатқан ер адамды ұстады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, ол бұл тапсырманы Telegram-арна арқылы алған және орындағаны үшін ақша уәде етілген.

Ер адамды есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері ұстады. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр. Полиция жазуларды орналастыруды ұйымдастырған және тапсырма берген адамдарды қоса алғанда, қылмыстық схемаға қатысы бар өзге де тұлғаларды анықтап жатыр.

«Жеңіл ақша табуға уәде етілуі жауапкершіліктен босатпайды», – деп ескертті полиция.

Алматы қаласы ПД есірткі жарнамасын жазу қылмыстық жауапкершілікке, соның ішінде бас бостандығынан айыру жазасына әкеп соғуы мүмкін екенін еске салды.