Байқоңырда мемлекеттен әлеуметтік көмек алғандар табысын жасырғаны үшін соттан бір-ақ шықты

Прокуратура жүргізген тексеру кезінде алты азаматтың нақты табысы туралы мәліметті жасырғаны анықталды

Байқоңырда мемлекеттен әлеуметтік көмек алғандар табысын жасырғаны үшін соттан бір-ақ шықты
Фото: ЖИ арқылы жасалды/ChatGPT

Байқоңыр қаласының прокуратурасы атаулы әлеуметтік көмек тағайындау кезінде заң талаптарының сақталуына талдау жүргізіп, мемлекеттік жәрдемақыны заңсыз алған азаматтарды анықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Тексеру барысында алты азамат нақты табысы туралы мәліметті жасырғаны белгілі болған. Соның салдарынан оларға бюджеттен жалпы 2,6 млн теңге көлемінде атаулы әлеуметтік көмек артық төленген.

Прокуратураның қадағалау актісінен кейін заң бұзушылықтар жойылды. Екі азаматтан мемлекет кірісіне 553 233 теңге өндірілді. Қалған төрт азаматтан негізсіз төленген қаражатты қайтару бойынша шаралар сот тәртібімен жүргізіліп жатыр.

Прокуратура атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау мен мемлекеттік қолдау шараларының заңды берілуін бақылауда ұстап отырғанын мәлімдеді.