Қызылордада «күлгені үшін» жазаландым деп жалған ақпарат таратқан қыз қамауға алынды (ВИДЕО)
Қыз бірнеше құқық бұзушылық үшін жауапқа тартылып, әлеуметтік желідегі жазбаларын өшірді
Қызылордада сот 22 жастағы жергілікті тұрғын Шұғыла Сәбитке әкімшілік қамау жазасын тағайындады. Қыз бірден бірнеше құқық бұзушылық үшін жауапқа тартылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР ІІМ Telegram-арнасына сілтеме жасап.
Полицияның мәліметінше, ол түнгі уақытта тыныштықты бұзған, полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбаған, ұсақ бұзақылық жасаған, сондай-ақ жалған ақпарат таратқан.
«Сот шешімімен қыз қамауға алынды. Сонымен қатар оған әкімшілік айыппұлдар салынып, ресми ескерту жасалды», – деп мәлімдеді полиция.
Қолданылған шаралардан кейін қыз әлеуметтік желілердегі тиісті жарияланымдарын өшірген.
Бұған дейін Шұғыла Сәбит әлеуметтік желіде өзін «күлгені үшін» жауапқа тартты деген ақпарат таратқан.
«Еске салайық, бұған дейін қыз әлеуметтік желілерде өзін «күлгені үшін» жауапқа тартты деген жалған ақпарат таратып, билік өкілдеріне ашық түрде құрметсіздік танытқан», – делінген полиция хабарламасында.