Полиция оны әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында әшкере еткен
Полицияның мәліметінше, Астанада ер адам қоғамдық орында видео түсіру кезінде бейәдеп сөздер айтып, қоғамдық тәртіпті бұзған. Кейін ол бұл видеоны өзінің Instagram парақшасына жариялап, көпшілікке қолжетімді еткен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде құқық бұзушының жеке басы анықталды. Ол – 26 жастағы Балташ Шыңғысхан. Сот шешімімен құқық бұзушы 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.
Полиция әлеуметтік желілерге тұрақты түрде мониторинг жүргізілетінін еске салып, азаматтарды қоғамдық орындарда тәртіп сақтауға және әлеуметтік желілерде әдеп нормаларын сақтауға шақырды.