Ұлытау облысы полиция департаментінің жаңа бастығы тағайындалды

Полиция полковнигі бұған дейін Жетісу облысы ПД бастығының бірінші орынбасары болған

Ұлытау облысы полиция департаментінің жаңа бастығы тағайындалды
Фото: Ұлытау облысының әкімдігі

Ұлытау облысы полиция департаментінің бастығы болып полиция полковнигі Бауыржан Сапар тағайындалды. Тиісті бұйрыққа Ішкі істер министрі қол қойған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жаңа басшыны жеке құрамға Ішкі істер министрінің орынбасары, полиция генерал-майоры Айдар Сайтбеков таныстырды.

Бауыржан Сапар ішкі істер органдарында 30 жылдан астам қызмет етіп келеді. Соңғы жылдары Түркістан облысы полиция департаменті бастығының орынбасары және Жетісу облысы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары қызметтерін атқарған.

Ол 1997 жылы Бауыржан Момышұлы атындағы Шымкент заң колледжін, 2000 жылы ҚР ІІМ Қостанай жоғары мектебін тәмамдаған.

Еңбек жолын 1997 жылы ішкі істер органдарында бастап, 2014 жылға дейін Солтүстік Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстарының ішкі істер департаменттерінде түрлі жедел-тергеу және басшылық қызметтерде жұмыс істеген.

2014–2022 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы ІІД криминалдық полиция басқармасын, Ордабасы аудандық полиция бөлімін және Түркістан облысы полиция департаментінің Түркістан қалалық полиция басқармасын басқарған.

2022 жылдың мамыр айынан Түркістан облысы полиция департаменті бастығының орынбасары, ал 2025 жылдың қарашасынан бері Жетісу облысы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары қызметін атқарған.