«Ешбір құжаты болмаған»: Астанада көлігімен тротуарға шығып кеткен жүргізуші 10 тәулікке қамалды

Аталған әрекеттің бейнежазбасы әлеуметтік желілерде жарияланып, көпшілікке тараған

«Ешбір құжаты болмаған»: Астанада көлігімен тротуарға шығып кеткен жүргізуші 10 тәулікке қамалды
Фото: istockphoto.com

Астанада Президент саябағының аумағында көлігімен жаяу жүргіншілерге арналған тротуармен жүрген азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Іс Астана қаласының Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі сотында қаралды. Сот мәліметінше, ол түнгі уақытта автокөлігімен саябақ аумағындағы жаяу жүргіншілер жолына шығып, қоғамдық тәртіпті өрескел бұзған. Ол осы әрекетімен айналасына құрметсіздік танытып қана қоймай, өзгелердің өмірі мен денсаулығына қауіп төндірген

Кейін бұл әрекетінің бейнежазбасы әлеуметтік желілерде жарияланып, көпшілікке тараған.

Сот отырысында құқық бұзушы кінәсін толық мойындаған. Оның айтуынша, тротуармен жүруге болмайтынын білмегендіктен сол жерге көлікпен шығып кеткен. Ал болған оқиғаны жанындағы досы ұялы телефонға түсірген.