Алматыда 4 миллионнан астам адамға қоңырау шалған алаяқтар қолға түсті: олардың үйінен бума-бума ақша шықты (ВИДЕО)

Автор: Асқарова Қарлығаш

Оларды Ұлттық қауіпсіздік комитеті қолға түсірді 

Фото: ҰҚК

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы қаласындағы департаменті телефон алаяқтығына қатысты ауқымды халықаралық схеманың жолын кесті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.  

Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі мәлімдеді.

Тергеу деректеріне сәйкес, қаскөйлер қазақстандық абоненттерге заңсыз қоңырау шалу үшін байланыс операторларын айналып өтетін арнайы жүйе құрған. Олар жалған заңды тұлғаларды пайдаланып, виртуалды телефон станцияларын іске қосқан, жергілікті ұялы байланыс нөмірлерін сатып алып, зиянды бағдарламаларды қолданған.

Соның салдарынан, ұйымдасқан топ 4 миллионнан астам қоңырау шалып үлгерген. Олардың әрекетінен байланыс операторларына келген шығын 15 миллион теңгеден асқан.

Жедел-тергеу шаралары барысында техникалық құрылғылар мен басқа да заттай дәлелдемелер тәркіленді. Қазір іс бойынша тергеу жалғасып жатыр.