Қызылорда облысының тұрғыны бір түйе үшін бес жылға сотталып кетті

Автор: Асқарова Қарлығаш

Іс ұрлық бабымен қаралған 

Фото: istockphoto.com

Қызылорда облысы Арал аудандық сотында бұрын да мүлікке қатысты ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталған азаматқа қатысты іс қаралды. Тергеу мәліметінше, ол өзгенің ауласына заңсыз кіріп, қоршаудан асып өтіп, сол адамның бір түйесін айдап әкеткен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Сот сараптамасына сай, шығын көлемі, яғни, түйенің бағасы  800 мың теңгеге тең болған. Сотта айыпталушы кінәсін мойындап, оның әрекеті жәбірленуші мен куәлардың жауаптары және басқа да дәлелдермен расталды.

Сот оны Қылмыстық кодекстің 188-1-бабы 3-бөлігі 2-тармағы бойынша кінәлі деп танып, 5 жылға бас бостандығынан айырды.