10.04.2026, 11:51
Заң мен тәртіп
Павлодар облысында көлігін жуып жатқан ер адам қорқынышты жағдайға тап болды - ол енді миллиондап өтемақы алмақ
Оқыс жағдай өткен жылдың жазында болған еді
Фото: © freepik.com
Павлодар облысында көлік жуу бекетінде болған оқыс жағдай сотқа дейін жетті. Өзіне-өзі қызмет көрсету орнында шланг жарылып, клиенттің беті мен мойны күйіп қалған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
2025 жылдың жазында техникалық ақау салдарынан су бүріккіш шланг жарылып, ер адам II дәрежелі термиялық күйік алған. Онымен қоса сол жерде көлігінің есігі де зақымданып, бұның барлығы бейнебақылау камерасына түсіп қалған.
Істі қараған Павлодар қаласының мамандандырылған ауданаралық азаматтық соты зардап шеккен азаматтың талабын қанағаттандырып, материалдық шығын үшін – 989 578 теңге, моральдық өтемақы – 200 000 теңге, сот шығындарына – 111 862 теңге өндіру бойынша шешім шығарды.
Көп оқылған
11.10.2026, 08:37
Подъезде ұйықтап қалған: Ақтауда жасөспірімге қатысты тексеріс басталды
Бүгін, 09:31
Алматыда еңгезердей төрт еркек 60-тан асқан ер адамды өлтіріп, үйінен қара пакетпен алып шыққан (ВИДЕО)
11.10.2026, 06:18
«Ақша бопсалаған»: Алматыда екі жасөспірім қаза тапқан төбелеске қатысты сот өтіп жатыр
11.10.2026, 23:47
«Үш адам қаза тапты»: Қайрат Нұртастың концерті туралы жалған ақпарат таратқан әйел жазаланды
11.10.2026, 11:45
Шымкентте ТЖМ қызметкерлері 3 жасар баланы құтқарды