Полиция кәсіп илеріне айыппұл салып жатыр
Қостанай қаласының полиция департаменті арнайы рейд жүргізіп, дүкенінің алдындағы қарды уақытында тазаламаған кәсіпкерлерге ескерту жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Полицияның мәліметіне сүйенсек, шағын дүкен, ірі кәсіпорын, жеке кәсіпкерлер, тіпті, тұрғын үйдің меншік иесі өз ауласындағы қарды уақытында тазалап отыруы тиіс. Әйтпесе, «Қаланың абаттандыру қағидаларын бұзу» бабы бойынша айыппұл алады.
Қостанай қаласындағы рейд кезінде полиция көбіне кәсіпкерлерге ескерту жасаған. Егер келесі жолы да есігінің алдындағы қарын күремесе, айыппұл салынады.