Елордада осы аптада көрмелер, театрландырылған қойылымдар, балаларға арналған жаңажылдық ертегілер, хоккей ойындары мен өзге де мәдени-спорттық шаралар өтеді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Биыл Нұр-Сұлтан қаласында аудан әкімдерінің күшімен бас-аяғы 15 мұз қалашық салынады. Әкімдіктің хабарлауынша, «оларды орнату жұмысы желтоқсан айының басында» басталған.