Іс-шара барысында өнерпаздар халық күйлері мен ұлттық шығармаларды орындап, сауда-ойын-сауық орталығына келген тұрғындар мен қонақтарға мерекелік көңіл күй сыйлады
Мерекелік акция Шымкентте бүгін тек қоғамдық көліктермен шектелген жоқ. «Теріскей» және «Гүлжан» аялдамаларында да домбыраның күмбірі естіліп, «Адай», «Балбырауын» сияқты қазақтың әйгілі күйлері орындалды